Зитрокс в таблетках — инструкция по применению

Инструкция по применению зитрокса в таблетках, описание действия препарата, показания к применению таблеток зитрокса, взаимодействие с другими лекарствами, применение зитрокса (таблетки) при беременности. Инструкции:
Торговое название:
Зитрокс 250, Зитрокс 500
Международное название: Азитромицин
Лекарственная форма: Таблетки, покрытые пленочной оболочкой 250 мг и 500 мг
Показания к применению:
Атс классификация:
J Противомикробные средства для системного применения
J01 Антибактериальные средства для системного применения
J01F Макролиды, линкозамиды и стрептограмины
J01F A Макролиды
Фарм. группа:
Противомикробные препараты для системного использования. Макролиды, линкозамиды и стрептограмины. Макролиды. Азитромицин. Код АТХ J01FA10
Условия хранения:
Хранить в сухом защищенном от света месте при температуре не выше 250С. Хранить в недоступном для детей месте!
Срок хранения:
2 года. Не применять по истечении срока годности.
Условия продажи:
По рецепту
Описание:
Таблетки капсуловидной формы, с двояковыпуклой поверхностью, покрытые пленочной оболочкой белого цвета, гладкие с обеих сторон (для дозировки 250 мг). Таблетки капсуловидной формы, с двояковыпуклой поверхностью, покрытые пленочной оболочкой белого цвета, гладкие с обеих сторон, с риской на одной стороне (для дозировки 500 мг).

Состав зитрокса в таблетках

Одна таблетка содержит
Бір таблетканың құрамында

Активное вещество зитрокса

азитромицина дигидрат 262.02 или 524.04 эквивалентно азитромицину 250 мг или 500 мг
250 мг немесе 500 мг азитромицинге баламалы 262.02 немесе 524.04 азитромицин дигидраты

Вспомогательные вещества в зитроксе

кальция гидрофосфат безводный, крахмал прежелатинированный, кросповидон, полисорбат 80, кремния диоксид коллоидный безводный, целлюлоза микрокристаллическая, натрия лаурилсульфат, тальк очищенный, магния стеарат, 2-пропанол, состав оболочки: гидроксипропилметилцеллюлоза Е-5, титана диоксид Е171, полиэтиленгликоль 400, метиленхлорид
сусыз кальций гидрофосфаты, желатинделген крахмал, кросповидон, полисорбат 80, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, микрокристалды целлюлоза, натрий лаурилсульфаты, тазартылған тальк, магний стеараты, 2-пропанол, қабықтың құрамы: гидроксипропилметилцеллюлоза Е-5, титанның қостотығы Е171, полиэтиленгликоль 400, метиленхлорид

Показания к применению таблеток зитрокса

  • инфекции верхних дыхательных путей (бактериальный фарингит/тонзиллит, синусит, средний отит)
  • инфекции нижних дыхательных путей (бактериальный бронхит, интерстициальная и альвеолярная пневмония, обострение хронического бронхита)
  • инфекции кожи и мягких тканей (хроническая мигрирующая эритема - начальная стадия болезни Лайма, рожа, импетиго, вторичные пиодерматозы)
  • инфекции, передаваемые половым путем (уретрит, цервицит)
  • заболевания желудка и 12-перстной кишки, ассоциированные с Helicobacter pylori
  • жоғары тыныс жолдары жұқпаларында (бактериялық фарингитте/тонзиллитте, синуситте, ортаңғы отитте)
  • төменгі тыныс жолдары жұқпаларында (бактериялық бронхитте, интерстициальді және альвеолярлық пневмонияда, созылмалы бронхиттің асқынуында)
  • тері және жұмсақ тіндер жұқпаларында (созылмалы көшпелі эритема - Лайм ауруының бастапқы сатысында, тілмеде, импетигода, салдарлы пиодерматоздарда)
  • жыныс жолдары арқылы берілетін жұқпаларда (уретритте, цервицитте)
  • Helicobacter pylori астасқан асқазан және 12 елі ішек ауруларында

Противопоказания зитрокса в таблетках

  • повышенная чувствительность к азитромицину, эритромицину или другим антибиотикам группы макролидов
  • одновременный прием препаратов спорыньи
  • I триместр и период лактации
  • тяжелые нарушения функции печени и почек
  • аритмия
  • детский возраст до 6 лет (для дозы 500 мг – 12 лет)
  • азитромицинге, эритромицинге немесе макролидтер тобының басқа да антибиотиктеріне жоғары сезімталдық
  • қастауыш препараттарымен бір уақытта қабылдау
  • I триместр және лактация кезеңі
  • бауыр және бүйрек қызметінің ауыр бұзылулары
  • аритмия
  • 6 жасқа дейінгі (500 мг доза үшін – 12 жас) балалар

Побочные действия таблеток зитрокса

Часто (>1/100, < 1/10)
  • тошнота, рвота, диарея, боль в животе
Не часто (>1/1000, < 1/100)
  • жидкий стул, метеоризм, расстройство пищеварения, потеря аппетита
Редко (>1/1000, < 1/100)
  • головная боль, головокружение, сонливость, судороги, дисгевзия
  • тромоцитопения
  • агрессивность, возбуждение, беспокойство, нервозность, бессонница
  • парестезии и астения
  • нарушение слуха, глухота и шум в ушах
  • тахикардия, аритмия с желудочковой тахикардией, удлинение интервала QT
  • изменение цвета языка, запор, псевдомембранозный колит
  • транзиторный подъем уровня аминотрансфераз печени, билирубина, холестатическая желтуха, гепатит
  • реакции гиперчувствительности (покраснение, кожная сыпь, зуд, крапивница, ангионевротический отек, фоточувствительность), мультиформная эритема, синдром Стивена-Джонсона и токсический эпидермальный некролиз
  • артралгия
Очень редко (>1/10000, < 1/1000)
  • интерстициальный нефрит, острая почечная недостаточность
  • усталость, конвульсии
  • изменение вкуса и обоняния
  • артралгии
  • вагиниты, кандидоз, суперинфекции
  • анафилактический шок в том числе отек (в редких случаях приводящий к смерти)
Жиі(>1/100, < 1/10)
  • жүректің айнуы, құсу, диарея, іштің ауыруы
Жиі емес (>1/1000, < 1/100)
  • сұйық нәжіс, метеоризм, ас қорытудың бұзылуы, тәбеттің жоғалуы
Сирек (>1/1000, < 1/100)
  • бас ауыру, бас айналу, ұйқышылдық, құрысулар, дисгевзия
  • тромбоцитопения
  • озбырлық, қозу, мазасыздық, күйгелектік, ұйқысыздық
  • парестезиялар және астения
  • естудің нашарлауы, кереңдік және құлақ ішінің шуылдауы
  • тахикардия, қарыншалық тахикардиясы бар аритмия, QT аралығының ұзаруы
  • тіл түсінің өзгеруі, іш қату, жалғанжарғақшалы колит
  • бауыр аминотрансферазасы, билирубин деңгейлерінің транзиторлы жоғарылауы, холестатикалық сарғаю, гепатит
  • асқын сезімталдық реакциялары (қызару, тері бөртпесі, қышыну, есекжем, ангионевротикалық ісіну, фотосезімталдық), мультиформалы эритема, Стивенс-Джонсон синдромы және уытты эпидермальді некролиз
  • артралгия
Өте сирек (>1/10000, < 1/1000)
  • интерстициальді нефрит, бүйрек қызметінің жедел жеткіліксіздігі
  • шаршау, конвульсиялар
  • дәмнің және иіс сезімінің өзгеруі
  • артралгиялар
  • вагиниттер, кандидоз, асқынжұқпалар
  • анафилактикалық шок, оның ішінде ісіну (сирек жағдайларда өлімге әкелетін)

Особые указания к применению

В случае пропуска приема одной дозы препарата - пропущенную дозу следует принять как можно раньше, а последующие - с перерывами в 24 часа. При легких и умеренных нарушениях функции печени и почек, а также больным, следует назначать препарат с осторожностью с сердечно-сосудистой патологией. Приём препарата может спровоцировать приступ аритмии (возможны желудочковые аритмии и удлинение интервала QT).

Беременность
Применение при беременности II и III триместре возможно только в случаях, когда ожидаемая польза для матери значительно превышает возможный риск для плода.

Особенности влияния лекарственного препарата на способность управлять транспортом или потенциально опасными механизмами
В период лечения необходимо соблюдать осторожность при вождении автотранспорта и занятии другими потенциально опасными видами деятельности, требующими повышенной концентрации внимания и быстроты психомоторных реакций.
Препараттың бір дозасын қабылдауды жіберіп алған жағдайда – жіберіп алған дозаны мүмкіндігінше ертерек қабылдау керек, ал одан кейінгісін 24 сағат үзіліспен қабылдайды. Бауыр және бүйрек қызметінің жеңіл және орташа бұзылуларында, сондай-ақ жүрек-қантамыр патологиясы бар бар емделушілерге препаратты абайлап тағайындаған жөн. Препаратты қабылдау аритмия ұстамаларын өршітуі мүмкін (қарыншалық аритмиялар және QT аралығы ұзаруы мүмкін).

Жүктілік
Жүктіліктің II және III триместрінде емнің ана үшін күтілетін пайдасы ұрыққа төнуі мүмкін қауіптен едәуір басым болатын жағдайларда ғана қолданылуы мүмкін.

Дәрілік заттың көлікті немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері
Емделу кезеңінде көлік жүргізу және зейін жұмылдыруды және психомоторлы реакциялардың шапшаңдығын қажет ететін қауіпті қызмет түрлерімен айналысқанда сақ болу қажет.

Дозировка и способ применения

Внутрь, 1 раз в сутки, за час до еды или через два часа после еды. Таблетки следует проглатывать целиком.

При инфекции верхних и нижних дыхательных путей, кожи и мягких тканей (за исключением хронической мигрирующей эритемы): взрослым: 500 мг 1 раз в день в течение 3-х дней (курсовая доза 1,5 г),
детям старше 6 лет: из расчета 10 мг/кг массы тела 1 раз в день в течение 3 дней (курсовая доза 30 мг/кг).

При хронической мигрирующей эритеме: взрослым: 1 раз в сутки в течение 5 дней: 1-й день – 1,0 г (2 таблетки по 500 мг), затем со 2-го по 5 день - по 500 мг (курсовая доза 3,0 г),
детям старше 6 лет : в 1-й день - в дозе 20 мг/кг массы тела и затем со 2 по 5-й день - ежедневно в дозе 10 мг/кг массы тела (курсовая доза 30 мг/кг).

При заболеваниях желудка и 12-перстной кишки, ассоциированных с Helicobacter pylori:
1 г (2 таблетки по 500 мг) в сутки в течение 3-х дней в сочетании с антисекреторным средством и другими лекарственными препаратами.

При инфекциях, передаваемых половым путем: неосложненный уретрит/цервицит – 1 г однократно, осложненный, длительно протекающий уретрит/цервицит, вызванный Chlamydia trachomatis - по 1 г три раза за курс с интервалом в 7 дней ( в 1, 7 и 14 день). Курсовая доза 3 г.
Ішке, тәулігіне бір рет, тамақтан бір сағат бұрын немесе тамақтан екі сағат кейін. Таблеткаларды бүтіндей жұту керек.

Жоғары және төменгі тыныс жолдары, тері мен жұмсақ тіндердің жұқпаларында (созылмалы көшпелі эритеманы қоспағанда): ересектерге: 3 күн бойына күніне 1 реттен 500 мг (курстық доза 1,5 г),
6 жастан асқан балаларға: дене салмағының әр кг-на шаққанда 10 мг-нан 3 күн бойына күніне 1 рет (курстық доза 30 мг/кг).

Созылмалы көшпелі эритемада: ересектерге: 5 күн бойы тәулігіне 1 рет: 1- күні – 1,0 г (500 мг-нан 2 таблетка), содан соң 2-күннен 5-күнге дейін - 500 мг-нан (курстық доза 3,0 г), 6 жастан асқан балаларға: 1-ші күні – дене салмағының әр кг-на шаққанда 20 мг дозада және содан соң 2-ші күннен 5-ші күнге дейін – күн сайын дене салмағының әр кг-на шаққанда 10 мг дозада (курстық доза 30 мг/кг).

Helicobacter pylori астасқан асқазан және 12 елі ішек ауруларында: 3 күн бойы тәулігіне 1 г (500 мг-нан 2 таблетка) антисекреторлық дәрілермен және басқа да дәрілік препараттармен біріктіріп.

Жыныстық жолмен берілетін жұқпаларда: асқынбаған уретритте/цервицитте – бір рет 1 г, Chlamydia trachomatis туындатқан, асқынған, ұзаққа созылған уретритте/цервицитте – курс бойына 7 күн аралықпен (1,7 және 14 күні) үш рет 1 г-нан. Курстық дозасы 3 г.

Взаимодействие с лекарствами

Антацидные средства (содержащие алюминий, магний, этанол) и прием пищи уменьшают всасывание Зитрокса, поэтому препарат следует принимать, по крайней мере, за один час до или через два часа после приема этих препаратов и еды. При одновременном приеме с Зитроксом плазменные концентрации теофиллина повышаются. При одновременном приеме с Зитроксом усиливается антикоагулянтное действие варфарина, при необходимости совместного приема рекомендуется проводить тщательный контроль протромбинового времени.

Плазменные концентрации дигоксина и циклосерина повышаются при одновременном приеме с Зитроксом. При одновременном приеме с карбамазепином возможно проявление его токсического действия. При совместном приеме с Зитроксом плазменные уровни триазолама повышаются, что может приводить к токсическим реакциям. При одновременном приеме Зитрокса с эрготамином и дигидроэрготамином возможно проявление их токсического действия (вазоспазм, дизестезия). Линкозамины ослабляют, а тетрациклин и хлорамфеникол усиливают эффективность Зитрокса. Зитрокс фармацевтически несовместим с гепарином.
Антацидтік дәрілер (құрамында алюминий, магний, этанол бар) және ас қабылдау Зитрокстің сіңуін төмендетеді, сондықтан препаратты, ең болмағанда, бұл препараттарды және ас қабылдаудан бір сағат бұрын немесе астан кейін екі сағаттан соң қабылдау керек. Зитрокспен бір мезгілде қабылдағанда теофиллиннің плазмалық концентрациясы жоғарылайды. Зитрокспен бір мезгілде қабылдағанда варфариннің антикоагулянттық әсері күшейеді, бірге қабылдау қажет болғанда протромбинді уақытқа мұқият бақылау жүргізу керек.

Зитрокспен бір мезгілде қабылдағанда дигоксиннің және циклосериннің плазмалық концентрациясы жоғарылайды. Карбамазепинмен бір мезгілде қабылдағанда оның уыттылық әсері білінуі мүмкін. Зитрокспен бірге қабылдағанда триазоламның плазмалық деңгейі жоғарылайды, бұл уытты реакцияларға әкеп соғуы мүмкін. Эрготамин мен дигидроэрготаминді Зитрокспен бір мезгілде қабылдағанда олардың уыттылық әсері білінуі мүмкін (вазоспазм, дизестезия). Линкозаминдер Зитрокс әсерін әлсіретеді, ал тетрациклин мен хлорамфеникол тиімділігін күшейтеді. Зитрокс гепаринмен фармацевтикалық тұрғыдан үйлеспейді.

Передозировка зитроксом в таблетках

Симптомы: тошнота, временная потеря слуха, рвота, диарея.

Лечение: промывание желудка, назначение активированного угля, симптоматическая терапия.
Симптомдары: жүректің айнуы, уақытша есту қабілетінен айрылу, құсу, диарея.

Емдеу: асқазанды шаю, белсенділендірілген көмір тағайындау, симптоматикалық ем.

Фармакологические свойства

Фармакокинетика

При приеме внутрь препарат хорошо всасывается и быстро распределяется по всему организму. Проникает внутрь клеток, в том числе фагоцитов, которые мигрируют в очаг воспаления, способствуя созданию терапевтических концентраций препарата в месте инфекции. Уже через 12-72 часа в месте воспаления создаются высокие терапевтические концентрации (1-9 мг/кг), превышающие минимальную подавляющую концентрацию для возбудителей инфекции. Обладает длительным периодом полувыведения и медленно выводится из тканей (в среднем 60–76 часов). Указанные свойства определяют возможность однократного приема препарата в сутки и короткий режим дозирования (3 дня), обеспечивающий 7 - 10-дневный курс лечения. Метаболизируется в основном в печени, метаболиты не активны. Проникает через плаценту. Выделяется препарат в основном с желчью в неизмененном виде, небольшая часть выводится почками.
Препаратты ішке қабылдағанда жақсы сіңеді және бүкіл организмге жылдам таралады. Препараттың емдік концентрациясын жұқпа орнында жасауға ықпал ететін жасуша ішіне, оның ішінде қабыну ошағында көшіп жүретін фагоциттерге өтеді. 12-72 сағаттан кейін-ақ қабыну орнында жұқпа қоздырғыштарын басатын ең төменгі концентрациядан асып түсетін жоғары емдік концентрация (1-9 мг/кг) пайда болады. Жартылай шығарылу кезеңі ұзақ, тіндерден баяу шығарылады (орташа алғанда 60-76 сағат). Аталған қасиеттері препаратты тәулігіне бір рет қана қабылдау мүмкіндігін және 7-10 күндік емдеу курсын қамтамасыз ететін дозалаудың қысқа режимін (3 күн) қолдану мүмкіндігін білдіреді. Негізінен бауырда метаболизденеді, метаболиттері белсенді емес. Плацента арқылы өтеді. Препарат негізінен өзгермеген күйінде өтпен бірге шығарылады, аз бөлігі бүйрек арқылы шығарылады.

Фармакодинамика

Зитрокс обладает широким спектром антимикробного действия. Связываясь с 50S-cyбъeдиницeй рибосомы, подавляет биосинтез белков микроорганизма. В высоких концентрациях оказывает бактерицидный эффект. Активен в отношении ряда грамположительных бактерий: Streptococcus pneumoniae, S. pyogenes, S. agalactiae, S. viridans, стрептококков группы С, F и G, Staphylococcus aureus, S. epidermidis. He оказывает действия на грамположительные бактерии, устойчивые к эритромицину.

Эффективен в отношении грамотрицательных микроорганизмов: Haemophilus influenzae, H. parainfluenzae и Н. ducreyi, Moraxella catarrhalis, Bordetella pertussis и В. parapertussis, Neisseria gonorrhoeae и N. meningitidis, Brucella melitensis, Helicobacter pylori, Gardnerella vaginalis. Активен в отношении Campylobacter jejuni, некоторых анаэробных микроорганизмов: Clostridium perfringens, а также Micobacteria avium complex, Кроме того, эффективен в отношении внутриклеточных и других микроорганизмов, в том числе: Legionella pneumophila, Chlamydia trachomatis и С. pneumoniae, Mycoplasma pneumoniae, Ureaplasma urealyticum, Listeria monocitogenes, Borrelia burgdorferi, Treponema pallidum.
Зитрокстің микробқа қарсы кең ауқымды әсері бар. 50S-cyбъбірлікті рибосомалармен байланыса отырып, микроорганизмдер ақуыздарының биосинтезін бәсеңсітеді. Жоғары концентрацияларында бактерицидті әсер етеді. Төмендегі грамоң бактериялар қатарына: Streptococcus pneumoniae, S. pyogenes, S. agalactiae, S. viridans, С, F және G стрептококктар тобына, Staphylococcus aureus, S. epidermidis қатысты белсенді. Эритромицинге төзімді грамоң бактерияларға әсер етпейді.

Келесі грамтеріс микроорганизмдерге қатысты тиімді: Haemophilus influenzae, H. parainfluenzae және Н. ducreyi, Moraxella catarrhalis, Bordetella pertussis және В. parapertussis, Neisseria gonorrhoeae және N. meningitidis, Brucella melitensis, Helicobacter pylori, Gardnerella vaginalis. Campylobacter jejuni, кейбір анаэробтық микроорганизмдерге қатысты белсенді: Clostridium perfringens, сондай-ақ Micobacteria avium complex, Бұдан басқа, жасушаішілік және басқа да микроорганизмдерге, соның ішінде: Legionella pneumophila, Chlamydia trachomatis және С. pneumoniae, Mycoplasma pneumoniae, Ureaplasma urealyticum, Listeria monocitogenes, Borrelia burgdorferi, Treponema pallidum қатысты тиімді.

Упаковка и форма выпуска

По 6 таблеток (для дозировки 250 мг) или по 3 таблетки (для дозировки 500 мг) в контурной ячейковой упаковке из фольги алюминиевой. По 1 контурной ячейковой упаковке вместе с инструкцией по медицинскому применению на государственном и русском языках вкладывают в картонную пачку.
Алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 6 таблеткадан (250 мг доза үшін) немесе 3 таблеткадан (500 мг доза үшін). Пішінді ұяшықты 1 қаптама медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.